Семейліктер Абай рухына тағзым етті
Семейде ғалымдар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, депутаттар, жастар ұлы жазушы, ақын, ағартушы Абай Құнанбаевты құрметпен еске алып, ескерткішіне гүл қойды, деп хабарлайды abaidan.kzтілшісі Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев бұл шараның ел тарихында баға жетпес мұра, өшпес із қалдырған ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттауға құрмет көрсетіліп отырғанын атап өтті.
«Заман ауысып, дүние дидары күнде өзгерсе де, халқымыздың Абайға деген, құрмет сезімі, еш кемімейді! Үкіметтің қаулысымен белгіленген осы күн де – соның айғағы. Ақынның мол мұрасы – баға жетпес, рухани асыл қазынамыз болып қала береді. Қалың елін, қайран жұртын «жеті қараңғы түнде» адастырмай, «бес дұшпаннан» бой суытып, «бес асыл іске» асықтырған Ұлы Абай туған халқымен мәңгі жасайды! Себебі, осынау алмағайып заманда, сүйенеріміз де, табынарымыз да – Абай!» - деді облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев.
#Семей, #Абай облысы, #Абай күні, #ескерткіш