Абай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

Абай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде

Тұрғын үйлерді су басудың алдын алу мақсатында су тасқынына қарсы іс-шараларға Полиция департаментінің 160 қызметкері жұмылдырылды, олар облыстың 7 ауданында құтқарушылармен, еріктілермен, жол қызметімен бірге алдын алу іс-шараларын өткізуде,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қардың қатты еруіне және еріген су ағынының ұлғаюына байланысты су басу қаупі бар көпірлерді тексеру ерекше бақылауға алынды.

Сондай-ақ, жер төсемін су басу себептерінен жол бұзылуы мүмкіндігі және су тасқыны қаупі бар учаскелерді анықтау жүргізілуде. Осы учаскелерде полицейлер жолдың қауіпті учаскелеріндегі қозғалысты шектеуге бағытталған тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асыруда.

Су тасқыны қаупі төнген кезеңде полицейлер азаматтардың мүлкін сақтау мақсатында тәулік бойы патрульдеу жүргізуде. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.


#Абай облысы, #ТЖД, #су тасқыны