Абай облысында тасқын кезінде тағы бір адам жоғалып кетті

Абай облысында тасқын кезінде тағы бір адам жоғалып кетті

Абай облысында тасқын кезінде тағы бір адам жоғалып кетті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі.  Болжамдар бойынша 2001 жылы туған ер ада  Үржар ауданындағы Ай өзеніне ағып кеткен. Қазір құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өткен аптада жоғалған үш адам да әлі табылған жоқ. Жалпы өңірде тасқынмен күрес әлі жалғасуда. Төтенше жағдай қызметінің мамандары негізгі күшті Көкпекті ауданынына жұмылдырып отыр. Кеше ондағы Көкжайық ауылына қызыл су жайылып 15 ауланы су басқан. 106 адам эвакуациаланған. Бүгін тұрғындар үйлеріне оралды. Көкпекті және Бородулиха аудандарында тасқыннан әлі де қауіп бар. Өңірге Алматы және Жетісу облыстарынан құтқарушылары көмекке келді. Жетісулық мамандар жоғалғандарды іздестіруге жұмылдырылған. Абай облысы ТЖД бастығының орынбасары Азамат Орымбаевтың айтуынша,  Абай облысының полиция департаментіне қарасты екі кионологиялық есеп қолданылып жатыр. Олар иттерді қолданып, жағалауларды аралап жүр . Қорғаныс министрлігіне қарасты, ішкі істер министрлігіне қарасты қосымша әскер мен полиция қызметкерлерінің жасақтары көбейтілген


#Абай облысы, #Үржар ауданы, #су тасқыны