Абай облысының әкімі Жарма ауданына барды

Абай облысының әкімі Жарма ауданына барды

Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданына барып, қазіргі жағдаймен танысты, - деп хабарлайды abaidan.kz  тілшісі. Ауданның Үшбиік ауылындағы ахуалды бақылады.
Жергілікті атқарушы орган мен облыстық ТЖД мамандары тарапынан еріген суды бұруға барлық іс-шаралар жасалып жатыр. Қазіргі уақытта су деңгейінің төмендеуі байқалады. Еске сала кетсек, кеше қардың қарқынды еруі нәтижесінде Үшбиік ауылындағы 2 көшеде қызыл су жүрген еді.


Тұрғындарға көмек көрсету мақсатында 54 адамнан тұратын Абай облыстық ТЖД күштері мен құралдары, 9 бірлік техника, 2 жүзу құралы және 4 мотор сорғылар, сондай-ақ полиция департаментінің жеке құрамынан 10 адам және 4 бірлік техника жұмылдырылды.


#Абай облысы, #Жарма ауданы