Ақсуат ауданында екі адам құтқарылды
Ағымдағы жылдың 29 наурызында құтқару қызметіне 22 сағат 10 минутта Ақсуат ауданында таңертеңгі сағат 08 шамасында "Шаң" қыстауынан Кіндікті ауылына шыққан екі адамның орналасқан жері белгісіз екендігі туралы хабарлама түскен. Олар 1965 жылы туған ер адам мен оның 2013 жылы туған немересі,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдардың, Абай облысының ТЖД күштері мен құралдары жолданды. Жергілікті жолдардың еріген суларының шайылуына байланысты Қорғаныс министрлігінің тікұшағы тартылған. 30 наурызда сағат 08: 50-де іздеу тобы жоғалып кеткендерді Кіндікті ауылынан 25 шақырым жерден тапқан. Ми-17 МО тікұшағының көмегімен табылған азаматтар Кіндікті ауылына жеткізілді Олар медициналық көмекке мұқтаж емес.