Қоғам қайраткері Мұрат Әуезов дүниеден өтті

Қоғам қайраткері Мұрат Әуезов дүниеден өтті

Көрнекті қоғам қайраткері, белгілі шығыстанушы, филология ғылымдарының кандидаты Мұрат Мұхтарұлы Әуезов 81 жасында өмірден өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі.  Мұрат Мұхтарұлы 1943 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Меркі ауылында дүниеге келген.

Мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы тұңғыш елшісі қызметін атқарды.  Қазақтың заңғар жазушысы, Мұхтар Әуезовтің ұлы.

1965 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің   Шығыс тілдері институтын «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірді.

КСРО Ғылым Академиясының әлем әдебиеті институтында әдебиет теориясы бойынша филология ғылымының кандидаты дәрежесіне диссертация қорғады.

Қазақстан Журналистика Академиясының толық мүшесі .

Мұрат Әуезов «Қазақфильм» киностудиясында бас редактор (1981-1987), Қазақстан Жазушылар одағының көркем аударма және әдеби өзара байланыстар жөніндегі алқасының басшысы (1988-1990), Қазақстандағы «Мир» телерадиокомпаниясының көркемдік жетекшісі (1990), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, Кеңес президиумының мүшесі, парламентаралық байланыстар жөніндегі комитеттің төрағасы (1990), Ұлттық кітапхана директоры (2003-2006) секілді жоғары қызметтерді атқарған.Парламент депутаты болды.

М.Әуезов 2007 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы қорды басқарып келді. 


#Мұрат Әуезов, #Мұхтар Әуезов