Семейде 6-сынып оқушысы соққыға жығылған мектеп директоры жұмыстан шығарылды

Семейде 6-сынып оқушысы соққыға жығылған мектеп директоры жұмыстан шығарылды

Семейде 6-сынып оқушысын бірнеше жеткіншек соққыға жыққан оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды.

Абай облыстық Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, Семейдегі оқиғаға байланысты бірнеше мектептің басшылық құрамына тәртіптік жаза қолданылды. 

№9 мектеп директоры қызметінен босатылып, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс берілді. Сондай-ақ іске қатысы бар жеткіншектер оқитын басқа білім ордаларының басшылары да жауапқа тартылды.

- Семей қаласының №15 мектеп директоры мен Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейі интернатының директоры сөгіс алды. Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен мектеп психологтарына тәртіптік жаза қолданылды, - делінген ақпаратта. 

kaz.inform.kz


#Семей, #Оқушы, #мектеп