Жалған ақпарат: Семейдегі мектептердің біріне мина қойылған
26 ақпанда полицияға Семей қаласындағы оқу орындарының біріне мина қойылғаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Хабарлама келіп түскеннен кейін оқиға орнына шұғыл қызметтер жұмылдырылып, адамдар эвакуацияланды және аумақ қоршауға алынды. Тексеру нәтижесінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ.
Полиция терроризм туралы көрінеу жалған хабарлама таратудың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қарастырылатынын және бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтінін ескертеді.