«Ақшың» сауда үйінің бастамашыл тобы облыс әкімімен кездесті
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев «Ақшың» сауда үйіндегі өртте зардап шеккен кәсіпкерлердің бастамашыл топ өкілдерімен кездесті,-деп abaidan.kz тілшісі Абай облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жиында қажетті құжаттарды жинау, субсидия, жалға алу және әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды.
![](https://abaidan.kz/uploads/images/2024/02/2024-02-11/f04a87e1c3b803c05c5905c5d8cc1adc.jpeg)
«Бүгінгі таңда полиция бөліміне 296 өтініш түсті. Мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл процеске барлық құзырлы орган жұмылдырылған», - деді Нұрлан Ұранхаев.
![](https://abaidan.kz/uploads/images/2024/02/2024-02-11/d19653fa7df12329b1cd433024b62343.jpeg)
Зардап шеккендерге облыс әкімдігі қажетті мемлекеттік қолдау көрсетуде. Мәселен, 35 жасқа дейінгі кәсіпкерлер үшін 2,5 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін жеңілдетілген несие беру бағдарламасы қарастырылған. Екінші деңгейлі банктерге өрт салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлердің несиесін төлеуді 3 айдан 6 айға дейін кейінге қалдыру туралы хаттар жолданды, өз өнімдерін өткізу үшін кәсіпкерлерге сауда орындары ұсынылды. Жергілікті университеттер өрттен зардап шеккендердің отбасыларына 6 айға дейін оқу ақысына жеңілдіктер жасайды.
![](https://abaidan.kz/uploads/images/2024/02/2024-02-11/81defc37e5fac5ed23acb57ab891ded4.jpeg)
![](https://abaidan.kz/uploads/images/2024/02/2024-02-11/2eb7dcdc2e8f775a076ac93cc561142c.jpeg)
![](https://abaidan.kz/uploads/images/2024/02/2024-02-11/41f72f2f167417cabea28d441464caea.jpeg)
Сондай-ақ жұмыссыз қалғандарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін штаб ашылды. Штаб Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада орналасқан. Сауда үйіндегі өрттен кейінгі жағдай Абай облысы әкімінің жіті жеке бақылауында.
![](https://abaidan.kz/uploads/images/2024/02/2024-02-11/552fd90a1a718c1ba2d590d10e2b37aa.jpeg)
Жиынға сондай-ақ Семей қаласы әкімдігінің, Төтенше жағдайлар департаментінің, Абай облысы әкімдігі аппаратының өкілдері, облыс әкімдігінің басқарма басшылары, «Атамекен» ҰКП және БАҚ өкілдері қатысты.
#өрт, #Абай облысы, #Абай облысының әкімі, #кәсіпкерлік, #Ақшың корпорациясы