2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» Жолдауында ел дамуының алдағы кезеңіне арналған негізгі міндеттерді айқындады. Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру, кәсіпкерлікті қолдау және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Жолдаудағы маңызды бағыттардың бірі – құрылыс және инфрақұрылым саласын дамыту. Жолдарды жөндеу, тұрғын үй салу, мектептер мен медициналық мекемелерді жаңғырту арқылы өңірлердің әлеуетін арттыру көзделіп отыр.
Сонымен қатар көлік-логистика саласын дамыту, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, жаңа өндіріс орындарын ашу және ауыл шаруашылығын қолдау міндеттері белгіленді.
Президент цифрлық экономиканы дамыту мен жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл бағытта IT саласын жетілдіру, жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және заманауи технологияларды өндіріс пен мемлекеттік басқаруға енгізу көзделеді.
Әлеуметтік салада білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мәселелері басымдыққа ие болды. Сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту және қоғамда адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру қажеттігі айтылды.
Жалпы, Президент Жолдауы Қазақстанның тұрақты дамуына, экономикалық қуатын арттыруға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды міндеттерді айқындады.
Ел дамуы – ортақ жауапкершілік. Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру әрбір азаматтың белсенділігі мен адал еңбегіне байланысты.




