Жұмсақ тростың үзілуі 27 жастағы ер адамның өмірін қиған апатқа себеп болды
Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға Омбы-Майқапшағай тас жолының 899 шақырымында түнгі сағат 01:00 шамасында орын алған,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 26 жастағы Mitsubishi Montero жүргізушісі Жарма ауданы Қалбатау ауылына қарай 27 жастағы ер адамның басқаруымен TOYOTA Estima маркалы автокөлікті сүйреп апарған. Жол бойында сүйреткіш тросы үзіліп, нәтижесінде көліктің аударылуына себеп болған. Жол - көлік оқиғасы салдарынан 27 жастағы Toyota Estima жүргізушісі алған дене жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.