«AMANAT» партиясы халық алдындағы уәдесін орындады
Ауылдағы жас маманға көтерме жәрдемақыны 10 миллион теңгеге дейін арттыруды қамтамасыз ету туралы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында айтылған болатын. Бір жыл өтпей, партия халық алдындағы уәдесін орындады.
Заң жобасын Үкімет «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары-мүшелерімен бірлесіп әзірледі. Бүгін Парламент Мәжілісі екінші оқылымда денсаулық сақтау мәселелері туралы заңды қабылдады.Бұдан әрі заң жобасы Сенатқа келіп түсіп, Парламенттің жоғарғы палатасында қаралғаннан кейін Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі. Заң Президент қол қойған күннен бастап 6 ай өткен соң күшіне енеді.
#мәжіліс, #Парламент, #депутат, #АМАНАТ партиясы