Сегізінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясы ресми түрде ашылды

Сегізінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясы ресми түрде ашылды

 Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында сегізінші сайланған Парламенттің төртінші сессиясы ресми түрде ашылды, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі kaz.inform.kz сілтеме жасап.

- Бүгіннен бастап Парламенттің төртінші сессиясы өз жұмысын бастайды. 8 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысы өтеді. Онда Президентіміз жылдағы дәстүр бойынша халыққа Жолдауын жариялап, алдымызға жаңа міндеттер қояды, - деді Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, осы күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары өтіп жатыр. Осыған байланысты «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 6-бабы 5-тармағына сәйкес, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Президент тапсырмасымен сегізінші сайлаған Парламенттің төртінші сессиясын ашты.

Бірлескен отырысқа Сенаттың 50 депутаты және Мәжілістің 97 депутаты қатысып жатыр.

Сонымен қатар жиынға Президент Әкімшілігінің басшылығы, Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, орталық мемлекеттік органдардың басшылары шақырылды.

Еске салсақ, тамыз айының соңында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды. 

– Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.

Бұдан бұран хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. 


#мәжіліс, #сенат, #Парламент