“Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі”

“Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі”

2024 жылдың Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм жылы болып жариялануына байланысты екі елдің шекаралас аймақтары — Абай облысы (Қазақстан) мен Тарбағатай аймағы (ҚХР ШҰАР) арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатында 2023 жылғы 6 желтоқсаннан бастап “Бақты” өткізу пунктінде халықаралық жолаушылар қатынасы қайта жанданды.

Еске сала кетейік, 2023 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтері арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы Келісім күшіне енді. Бұл келісімге сәйкес, екі елдің азаматтары жеке істер, туризм, емделу, халықаралық тасымал, транзит және іскерлік мақсаттар үшін визасыз сапар жасай алады.

Азаматтардың екі мемлекет аумағында болу мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен, ал 180 (жүз сексен) күнтізбелік күн ішінде жалпы 90 (тоқсан) күннен аспауы тиіс. Егер азаматтардың сапары 30 күннен ұзақ болуды талап етсе, сәйкес санаттағы кіру визасын алдын ала рәсімдеу қажет.

Айта кету керек, визасыз режим азаматтарға жұмысқа орналасу, оқыту немесе миссионерлік қызметпен айналысу құқығын бермейді.


#Қытай, #Қазақстан