Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Саясат 185 қаралымabaidan.kz

Кипр Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жобаларына қызығушылық танытты

Кипр Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жобаларына қызығушылық танытты

Кипр президентімен келіссөздер табысты өтті деуге толық негіз бар. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ-қа мәлімдемесінде айтты.   Президенттің айтуынша, келіссөз барысында цифрлық технологияға және инновациялар саласындағы ықпалдастыққа ерекше назар аударылған.

– Кипр тарапы Қазақстанның елімізде мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға қатысты жобаларына қызығушылық танытып отыр. Біз бұл бьағыттағы тәжірибемізді бөлісуге дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен бірге, келіссөздер барысында мәдени, гуманитарлық байланыстарды дамытуға айрықша көңіл бөлінгені айтылды. Атап айтқанда, тараптар ғалымдар мен ғылыми мекемелер арасында қарым-қатынасты күшейтуге, білім беру, спорт және туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келіскен.

– Жалпы бүгінгі келіссөздер табысты өтті деуге толық негіз бар. Біз бүгін өзара ықпалдастығымызға тың серпін беретін бірқатар маңызды құжатқа қол қойдық. Бұл келісімдер екі мемлекеттің қарым-қатынасын күшейте түседі деп сенеміз, – деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, 2-4 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының Президенті Никос Христодулидистің Қазақстанға ресми сапары өтеді. Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президентін салтанатпен қарсы алды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Кипрдегі серіктестерін Транскаспий және Орта дәліз жобаларына атсалысуға шақырды.

https://kaz.inform.kz/news/kipr-kazakstannin-memlekettk-kizmetterd-tsifrlandiru-zhobalarina-kizigushilik-ta-571494a4