Сайлау 61 қаралымabaidan.kz

Абай облысының әкімі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Абай облысының әкімі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Абай облысының әкімі Берік Уәли барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.

Абай облысының әкімі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Аймақ басшысы Семей қаласындағы Семей медицина университетінің ғимаратында орналасқан №93 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Абай облысы бойынша сайлаушылардың жалпы саны 400 074 адамды құрайды. Өңірде сайлау науқанын ұйымдастыру және өткізу үшін құрамында 4036 мүшесі бар 632 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 13 аумақтық, 155 округтік және 464 учаскелік сайлау комиссиясы бар.

Абай облысының әкімі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Бұл сайлауда облыс бойынша барлығы 174 депутаттық мандатқа 523 үміткер тіркелген. Олардың 47-сі партиялық тізім бойынша, ал 476-сы бірмандаттық сайлау округтері арқылы ұсынылған.

Сайлау қорытындысы бойынша облыстық мәслихатқа – 30, қалалық мәслихаттарға – 33, аудандық мәслихаттарға 111 депутат сайланады.

Абай облысының әкімі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді

Аталған саяси науқан өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Сайлау нәтижесінде жергілікті өкілді органдардың жаңа құрамы жасақталып, алдағы уақытта өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға атсалысады.

 

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі