Сайлау 90 қаралымabaidan.kz

Абай облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр

Абай облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр

29 қараша күні Абай облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру басталды. Өңірдегі барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастап, тұрғындарды қабылдауда.

Облыс бойынша барлығы 464 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 35-і – жабық сайлау учаскесі. Жалпы өңірде 400 074 азаматтың дауыс беру құқығы бар.

Бүгін облыс тұрғындары облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарын сайлап, өңірдің алдағы дамуына қатысты өз таңдауын жасауда.

Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өтуде.