Сайлау 56 қаралымabaidan.kz

Семей қаласының әкімі мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

Семей қаласының әкімі мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев мәслихат депутаттарының сайлауына қатысып, №83 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Қаладағы барлық сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де жұмысын бастап, дауыс беру науқаны кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Сайлау процесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында учаскелер қажетті талаптарға сәйкес жабдықталған. Сонымен қатар сайлаушыларға жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ олардың дауыс беру орындарына кедергісіз жетуі үшін тиісті жағдай жасалған.

Семей қаласының аумағында сайлау науқанын ұйымдастыруға 1 аумақтық, 7 облыстық округтік, 22 қалалық округтік және 127 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылған.

Жалпы қала бойынша сайлаушылар тізіміне 219 801 азамат енгізілген.