5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының дирекциясы  «I AM NOMAD» челленджін бастады

5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының дирекциясы «I AM NOMAD» челленджін бастады

Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары қарсаңында Ойындар дирекциясы «I AM NOMAD» атты бірегей әлеуметтік желілерчелленджінің басталғанын хабарлайды. Бұл жоба әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдардың басын біріктіріп, оларды жылдың бастыоқиғағаның бір бөлшегі болуға шақыруға бағытталған.Челленджге танымал тұлғалар да қосылды. Қалың көрерменнің сүйіктісі,танымал актер Асылхан Төлепов барлық жанкүйерді ДүниежүзілікКөшпенділер ойындарына қатысуға және еркіндік пен көшпелі өмірдіңрухын бейнелеген қозғалысты қолдауға шақырып, алғашқықатысушылардың бірі болды.Сонымен қатар, бұл челленджге танымал оңтүстік кореялық әнші Сон ВонСоб та қосылды. Ол көшпенділер мәдениетіне деген таңданысын білдіріп,Азия мен әлемнің басқа да аймақтарындағы жанкүйерлерін осышабыттандыратын жобаға қатысуға шақырды.Челленджге қатысу өте оңай: қазіргі әлемде көшпенді болу нені білдіретінітуралы қысқаша бейнежазба жасап, оны әлеуметтікжелілерде#IAMNOMAD хэштегімен жариялау жеткілікті. Әрбір қатысушы еркіндікпен шытырман оқиғаларды сүйетін адамдарды біріктіретін жаһандыққозғалыстың бір бөлігіне айналады.Айта кетерлігі, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекаралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келедідеп күтілуде. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындаспорттың 21 түрі бойынша 97 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бас демеушісі – ALAGEUM ELECTRIC, ал басты серіктесі –Halyk Bank. Барлық жарыстарға билеттерді ресми билет операторыныңwww.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.


#Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, #Ұлттық ойындар