5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық қалай жүріп жатыр?
Бір айдан соң Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталады-, деп хабарлайды abaidan.kz Түркітілдес журналистер қорының сайтына сілтеме жасап. Еліміз алғаш рет Орталық Азияның көшпелі халықтарының ойындарына негізделген халықаралық спорттық жарыстарды өткізу эстафетасын қабылдайды. 5-ші ойынның бассеріктесі еліміздің ең ірі банкі Halyk Bank болды. Ынтымақтастық туралы келісімге биыл маусым айында ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Halyk Bank төрайымы Үміт Шаяхметова қол қойған болатын.
Айта кетейік, көшпенділердің алғашқы дүниежүзілік ойындары 2014 жылы Ыстықкөл жағалауында өткен еді.Жарысқа 19 елдің спортшысы қатысқан болатын. Ал былтырғы ойындар Түркияның Изник қаласында өтіп, 80-нен аса ел қатысқан еді.Ал биыл Астанаға 89 елден 2000-нан асақатысушы келеді. Болжам бойынша 8-13қыркүйек аралығында Қазақстан астанасына 100 мыңнанаса адам келеді.5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастырушылар көрермендер үшін алтыжерде өтетін 21 спорт түрінен жарыстарғана емес, сонымен қатарғылыми-танымдық және мәдени бағдарламалар дайындайды.
Мәселен, Қазақстанның Ұлттық музейінде«Көшпенділер:тарих, білім, сабақтар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Онда келушілер ұлттық спорт түрлерін дамытудың қазіргіжағдайымен танысып, түркі халықтарының дәстүрлері мен мұралары туралы біле алады.
Сондай-ақ, «Қазанат» ипподромы маңында 10 гектараумақта «Көшпенділер әлемі»этноауылы орналасады. Онда күн сайын мәдени іс-шаралар өтеді: еліміздің үздік шебер-қолөнершілерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сыныптары,айтыстар, аң аулау бойынша жарыстар және ұлттық күрестүрлері бойынша көрсетілімдер.
Бұдан бөлек, этноауылда Қазақстанның 17облысы мен республикалық маңызы бар үшқаланың өкілдерін қамтитын«Бірлік Керуені» өтеді. Бұл шеруге қатысушылар қатарында Halyk Bank филиалдарының басшылары болады.
#Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, #Ұлттық ойындар, #асық ату, #тоғызқұмалақ, #күрес