Абай облысында Каратэден ірі халықаралық турнир өтуде

Абай облысында Каратэден ірі халықаралық турнир өтуде

"Еуразия Кубогы" халықаралық жарысы Семей қаласының аумағында алғаш рет өтуде. "Бүкілқазақстандық Кёкушинкай каратэ ұйымы" РҚБ президенті Таджимұрат Найзабеков өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында біріншіліктің тарихы жайлы баяндады.

-  "Еуразия Кубогы" халықаралық турнирі биыл 21 рет өткізілуде. Турнирдің Ресейдің Рубцовск қаласынан басталған үлкен тарихы бар. Бұрын ол "Сібір-Азия " деп аталған. Бүгінде халықаралық жарыс деңгейіне дейін өсті. Қазіргі турнирдің ерекшелігі - ол алғаш рет Семейде, Абай облысының аумағында өткізіледі. Оған қазақстандық және ресейлік спортшылар, барлығы 1 200 спортшы қатысады. Жарыс 2 күн өтеді, - деп атап өтті Таджимұрат Найзабеков.

Ресейдің киокушин каратэ одағының президенті Александр Крамышев  болашақта бұны дамытуға қатысты мәселелер бойынша ірі халықаралық форум өткізу жоспарланып отырғанын айтты .


#Абай облысы, #Спорт