Әлем чемпионы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алды

Әлем чемпионы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік алды

️Белградта өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Абай облысының тұрғыны Нұрсұлтан Тұрсынов 87 келі салмақта үздік бестікке енді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл орын спортшыға 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік берді. Бозкілемге шыққан грек-рим күресінің шебері Нұрсұлтан Тұрсынов әзірбайжандық палуан Ислам Аббасовты мерзімінен бұрын жеңіп, Париж Олимпиадасына жолдама алды.

Нұрсұлтан Тұрсынов – 2014 жылғы Азия чемпионы және Азия чемпионатының екі дүркін күміс және қола жүлдегері. Сондай-ақ, 2023 жылдың сәуір айында Астанада өткен грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.


#Спорт