Аспаннан жерге түсу керек – Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» жеңілісіне қатысты мәлімдеме жасады

Аспаннан жерге түсу керек – Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» жеңілісіне қатысты мәлімдеме жасады

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өткен матчтың қорытындысы бойынша жеңілісіне қатысты мәлімдеме жасады,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бапкердің айтуынша, алматылық ұжым кездесудің бастапқы және соңғы минуттарында жинақылық таныта алмаған. Уразбахтин ойыншылардың өткен маусымдағы табыстарға мастанып, босаңсып кеткенін ашық жеткізді.

– Шынымды айтсам, дәл осы сынды мен қазір киім ауыстыру бөлмесінде жігіттерге де айттым. Біз ойынның алғашқы 10 минуты мен соңғы 10 минутын сәтсіз өткіздік. Тіпті, алғашқы минуттарда команда стадионға мүлдем келмегендей әсер қалды. Бұл немен байланысты екенін білмеймін – бәлкім әлі де Чемпиондар лигасының екінші кезеңіне шыққанымызды тойлап жүрген шығармыз. Бірақ мен жігіттерге бұлай жалғаса бермейтінін ескерттім. Өткен жылғы жетістіктің бәрін ұмыту керек, – деді бас бапкер.

Бапкердің айтуынша, «Қайратқа» қарсы кез келген ұжым барын салып ойнайды. Сондықтан командаға бәрін басынан бастау керек екенін түсіндірген.

– Бізге біраз жерге түсу керек. Жігіттерге де соны айттым, бәрін нөлден бастау қажет. Биыл бізге қарсы кез келген команда, қай лигада болса да, азуын басып келеді. Ойынның ортасында тізгінді қолға алып, мүмкіндіктер жасағанымызбен, гол соға алмадық. Есеп 2:1 болып тұрып алды. Бұл бізге үлкен сабақ болады деп ойлаймын, – деп түйіндеді Р. Уразбахтин.


#футбол, #Спорт