Архитектуралық мұраны сақтау – Семей қаласы Бас жоспарының негізгі міндеттерінің бірі

Архитектуралық мұраны сақтау – Семей қаласы Бас жоспарының негізгі міндеттерінің бірі

Семей қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеушілер мен жобалаушылардың айтуынша, тарих және сәулет ескерткіштері өздерінің қорғау аймақтарына ие болып, мемлекет тарапынан қорғауға алынады. Бұл туралы Семей қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы  Дархан Сейтханов мәлімдеді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

— Жаңа бас жоспарды іске  асыру кезінде біз «Тарих және мәдениет объектілері мен ескерткіштері» бөлімін қарастырдық. Бұл бөлімде біз ескерткіштер ретінде ресми түрде танылған нысандар туралы мәліметтерді жандандырамыз. Жаңа бас жоспар аясында біз оларды арнайы қорғау аймақтарына орналастырамыз, - деп атап өтті спикер.

Жобалаушылар қатарындағы Нұрбек Аужанов тарихи құрылыс пен мұраны сақтау Семей қаласы жаңа бас жоспарының негізгі элементтерінің бірі екенін айтты.

- Семей – тарихқа бай қалалардың бірі. Маңыздылығы бойынша тек Орал, Петропавл қалаларымен салыстыруға болады. Бас жоспардың құрамында жеке корғау аймағы бар тарихи және сәулет ескерткіштерінің тізімі болады. Қаланың орталық бөлігі, сонымен қатар бірнеше шағын аудандар да тарихқа өте бай. Сондықтан бас жоспардың бір ерекшелігі – тарихи құрылысқа баса назар аудару, - деді Нұрбек Аужанов.

Айта кететіні, жаңа бас жоспар әлі мақұлданбады, ал оны бекіткеннен кейін егжей-тегжейлі жоспарлау жүретін болады.

- Бас жоспар қаланың жалпы даму стратегиясын айқындайды. Басты мақсаты алаңдарды, қаланы аймақтарға бөлуді белгілейді. Әрі қарай біз әрбір нысан бойынша, әр көше бойынша нақты жоспарлау дайындаймыз, - деп қорытындылады Дархан Сейтханов.


#Семей, #Бас жоспар