«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында шаңғы тебуден жарыс өтті
Семейде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кәсіпорындар мен мекеме қызметкерлері арасында шаңғы тебуден жарыс өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Спорттық сайысқа «ADAL AS» компаниясы атынан Әсет Әбдиев қатысып, бақ сынады.

Мақсат - еңбек ұжымдары арасындағы қарым-қатынасты арттырып, салауатты өмір салтын насихаттау. Қысқы спорт түріне 20 мекемеден 50-ге жуық жұмысшы қатысты.
Ерлер 3, әйелдер 1,5 шақырым қашықтықта бақ сынады.
Қатысушылардың жоғары дайындықпен келгені көріп-ақ тұрды. Олар ақ қар үстінде шеберліктерін көрсетті. Жанкүйерлер де спортшыларды қолдап, жігерлендіріп отырды.
Әсет Әбдиев сынға түскен 30 адамның ішінен мәреге 6 -шы болып жетті.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. Оларға қаржылай жүлделер мен медаль, дипломдар табыс етілді.
Әйелдер арасында:
1 - орынды Букашева Эльмира
2 - орынды Киреева Надежда
3 - орынды Колистратова Юлия иеленді.
Ерлер арасында:
1 - орынды -Танисбаев Айдос
2 - орынды - Зейнуллин Серикхан
3 - орынды - Магзунов Азамат иеленді.
#Абай облысы, #Спорт, #Жұмысшы мамандықтары жылы