Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды
Меритократия қағидатына сәйкес, Ыдырышева Гүлнұр Ниязбекқызы Абай облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Гүлнұр Ниязбекқызы мемлекеттік қызметте мол тәжірибесі бар білікті маман.
Ол еңбек жолын 2012 жылы Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімінде аудармашы, инспектор, жетекші маман ретінде бастаған.
2015–2022 жылдары Семей қаласының ішкі саясат бөлімінде бас маман болып қызмет атқарды.
2022 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың қараша айына дейін Абай облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру-әдістемелік және инспекциялық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
Айта кету керек, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 17 шілдедегі Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» мемлекеттік қызметті дамытудың басты қағидаттарының бірі ретінде меритократия принципі айқындалған.
Жаңа қызметінде Гүлнұр Ниязбекқызына табыс тілейміз!
#Абай облысы, #тағайындау, #Ішкі саясат