«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы сайланды

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы сайланды

«AMANAT» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы болып Садырбаев Айдар Серікқазыұлы сайланды.

Садырбаев Айдар Серікқазыұлы –  1986 жылы Семей облысы Жаңасемей ауданы Новопокровка ауылында дүниеге келген.
2009 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Тарих» мамандығы бойынша тамамдады.

Еңбек жолын 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылының орта мектебінде мұғалімдік қызметтен бастаған.

Әр жылдары Бородулиха ауданы мен Семей қаласының ішкі саясат бөлімдерінде нұсқаушы, жетекші және бас маман, басшының орынбасары, басшы, Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып, Семей қаласы әкімінің орынбасары, Абай облысының ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.


#Абай облысы, #тағайындау, #Ішкі саясат