Бұрынғы әкім Ұранхаев жаңа қызметке келді
Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты үкімет растады, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Ұранхаевтың өнеркәсіп және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететіні айтылды.
Нұрлан Ұранхаев Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында білім алып, "инженер-механик" мамандығын меңгерген. Сондай-ақ, Қазақ қаржы-экономикалық институтын "экономист-менеджер" мамандығы бойынша және Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша бітірген.
2022 жылдың 11 маусымында Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ұранхаевты Абай облысының әкімі етіп тағайындады.