Қанат Бозымбаев президенттің кеңесшісі болды
Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі атанды, деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасап abaidan.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (экономист) бітірген.
1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі болды.
2001-2007 жылдары – "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының президенті.
2009-2013 жылдары – Жамбыл облысының әкімі.
2013-2016 жылдары – Павлодар облысының әкімі.
#Ақорда, #тағайындау, #Президент