Нұрбек Қошқарбаев Бесқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды

Нұрбек Қошқарбаев Бесқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды

Абай облысы Бесқарағай ауданының әкімі лауазымына Нұрбек Қошқарбаев тағайындалды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Нұрбек Тұрсынқанұлы 1979 жылы 5 маусымда Абай облысы Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында дүниеге келген.  Семей қаласындағы М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің «Бастауыш сынып және ұлттық мектепте орыс тілі пәні мұғалімі», М. Әуезов атындағы Семей университетін «Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі», Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Семей қаласының № 33 орта мектебінің бастауыш сыныптарындағы орыс тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған.  

2002-2008 жылдары Семей қаласының №17 орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары; 

2008-2009 жылдары Семей қаласының №36 орта мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқу-тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары;

2009-2010 жылдары Ақмола облысының Жақсы ауданының Жақсы ауылының №2 Жақсы орта мектебінің директоры;

2010-2012 жылдары Семей қаласының білім бөлімінің бас маманы; 

2012-2013 жылдары Бесқарағай ауданы әкім аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің басшысы;

2014 - 2015 жылдары Семей қаласы әкім аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы;

2015-2019 жылдары Курчатов қаласы әкімі аппаратының басшысы;

2019 жылдан осы уақытқа дейін Абай облысы Курчатов қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.


#Абай облысы, #Бесқарағай