«Теплокоммунэнерго» МКК директоры тағайындалды
Саят Әкімжанов «Теплокоммунэнерго» МКК директоры болып тағайындалды
Кәсіпорынның бұрынғы басшысы Еркен Заманбекұлы Сағандықовтың қалалық мәслихаттың төрағасы болып сайлануына байланысты кәсіпорын директоры қызметіне Саят Сарқытбекұлы Әкімжанов тағайындалды.
Саят Сарқытбекұлы 1971 жылы 28 сәуірде Семей қаласында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Жалпы еңбек өтілі – 37 жыл, оның 20 жылы басшылық қызметте болды.
Саят Сарқытбекұлы кәсіпорын құрылған күннен бастап «Теплокоммунэнерго» МКК-мен байланысты болып келді. Ол мұнда маңызды қызметтерді атқарды: бас бухгалтер, директордың қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары, қаржы директоры, сонымен қатар оңалтушы басқарушы болды.
Тағайындалғанға дейін директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
#Семей, #Абай облысы, #тағайындау, #жылу