Жаңасемей ауданына жаңа әкім тағайындалды
Жаңасемей ауданының әкімі болып Тастенбеков Алмас Тәнібекұлы тағайындалды. Алмас Таныбекұлы Тастенбеков 1989 жылы 15 шілдеде Бесқарағай ауданы Беген ауылында дүниеге келген. Абай облысының Өңірлік кадрлық резервінің мүшесі.
Семей қаласындағы Семей геологиялық барлау колледжін «Техник-геофизик», Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау», Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша оқып, экономика және бизнес магистрі дәрежесін алған. «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы «Тюменьпромгеофизика Қазақстан-Ресейлік сервистік компаниясы» ЖШС каротажшысы болып бастады.
2010-2011 жж. Бесқарағай ауданы әкімінің аппаратының жұмылдыру дайындығы жөніндегі инспекторы. 2011-2012 жж. Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы. 2012-2013 жж. Бесқарағай ауданы әкімінің көмекшісі. 2014-2015 жж. Ішкі істер министрлігінде қызмет еткен. 2015-2017 жж. Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы.
2017-2022 жж. Бесқарағай ауданының Глуховка ауылдық округінің әкімі.
2022 жылдың ақпан айынан бастап 2024 жылдың 30 желтоқсанына дейін Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары болған.