Жаңасемей ауданының әкімі тағайындалды
Жаңасемей ауданының әкімі болып Нұржан Оразбекұлы Әбдікәрімов сайланды
Нұржан Оразбекұлы 1971 жылы 9 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Сегізбай ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Семейдің Шәкәрім атындағы педагогикалық институтын «Тарих және қоғам тану пәнінің мұғалімі» және 2013 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін “Экономика” мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы бұрынғы Семей облысы Таскескен ауданы Сегізбай ауылындағы Тасбұлақ орта мектебінің балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бапкер болып бастаған.
#Абай облысы, #тағайындау, #Жаңасемей