Таза Қазақстан 58 қаралымabaidan.kz

Берік Уәли: Тазалық – ортақ міндет, жауапкершілік – әр азаматқа жүктеледі

Берік Уәли: Тазалық – ортақ міндет, жауапкершілік – әр азаматқа жүктеледі

Абай облысының әкімі Берік Уәли өңір тазалығын сақтау – баршаға ортақ міндет екенін атап өтіп, тұрғындарды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырды. Аймақ басшысы бұл туралы «SEMEI» телеарнасына берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, туған өлкенің таза әрі көрікті болуы тек әкімдік пен коммуналдық қызметтердің жұмысына ғана байланысты емес. Бұл – әрбір тұрғынның, әр отбасының күнделікті өмірде ұстануы тиіс ортақ жауапкершілігі.

Өңір тазалығын қамтамасыз ету үшін тиісті мекемелердің жұмысы маңызды болғанымен, тұрғындардың да белсенділігі мен азаматтық ұстанымы айрықша рөл атқарады. Қоғамдық орындарды таза ұстау, қоқысты белгіленген орындарға тастау, табиғатқа ұқыптылықпен қарау секілді қарапайым әрекеттер қоршаған ортаның көркеюіне ықпал етеді.

Берік Уәлидің айтуынша, тазалық мәдениеті әр адамның өз ауласы мен көшесіне деген жауапкершілігінен басталады. Сондықтан бұл бағытта тұрғындардың түсінігі мен ортақ іске деген жанашырлығы маңызды.

Туған жердің тазалығы – оның тұрғындарының мәдениеті мен жауапкершілігінің көрінісі. Әр азамат қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосқанда ғана Абай облысын таза, жайлы әрі көрікті мекенге айналдыруға болады.