2 300-ге жуық жүргізуші айыппұл төледі.

2 300-ге жуық жүргізуші айыппұл төледі.

Жаяу жүргіншілерге жеткілікті назар аудармау жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Жаяу жүргіншілер жолағында жол бермеу қағидасын сақтамау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында Абай облысы Полиция департаменті қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтау мен жолда өзара құрмет көрсетудің маңыздылығы туралы азаматтарды ақпараттандыру жұмыстарын белсенді жүргізуде.
 

2024 жылы Абай облысында жаяу жүргіншілерге жол бермеу себепті 2 296 жол қозғалысы ережесінің бұзылуы анықталды. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық шаралар шеңберінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін елемеген жүргізушілерге хаттама толтырып, айыппұл салды.

 

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 600-бабына сәйкес, жаяу жүргіншілерге немесе басқа жол қозғалысының қатысушыларына жол бермеу ережесін бұзу 2025 жылы 39 320 теңге немесе 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Егер осы құқықбұзушылық жыл ішінде қайталанса, айыппұл 58 980 теңгеге дейін, яғни 15 АЕК-ке дейін артады.

 

Абай облысы Полиция департаменті барлық жол қозғалысы қатысушыларын сақ болуға және жолдағы жалпы қауіпсіздік үшін ережелерді сақтауға шақырады!


#заң, #айыппұл