26 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

26 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Әкімшілік айыппұл салу туралы қаулылардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Абай облысы аумағында полиция қызметкерлері «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде,-деп хабарлайды abaidan.kz Абай облыстық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында «Қорғау» мобильді қосымшасын пайдалану арқылы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылар анықталуда.

ЖПІШ-нің алғашқы күнінде облыс орталығында Toyota маркалы автокөлік тоқтатылып, оны Семей қаласының тұрғыны басқарғаны анықталды. Тексеру барысында жүргізушінің атына «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен автоматты түрде тіркелген 26 әкімшілік құқықбұзушылық бойынша төленбеген айыппұлдар бар екені белгілі болды. Жалпы айыппұл сомасы 500 мың теңгеден асты.

Барлық құқықбұзушылықтар белгіленген жылдамдықты асыру және бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту деректері бойынша тіркелген, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.

Осыған байланысты, құқықбұзушының автокөлігі қарызы толық өтелгенге дейін арнайы айыптұраққа қойылды.

Абай облысы Полиция департаменті жол жүру ережелерін сақтау – өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігінің кепілі екенін еске салады. Құқықбұзушылықтарға жол бермеңіз!


#Семей, #жол қозғалысы ережелері