Абай облысында

Абай облысында "Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері бойынша" республикалық семинар-кеңес басталды.

Осыған байланысты, әйел тергеушілер іс-шараға облыстың әртүрлі аудандарынан келді. Полицейлер осындай қылмыстарды тергеумен айналысатын мамандығы бойынша жыныстық қылмыс құрбандарымен жұмыс істеу үшін дайындықтан және оқытудан өтеді,-деп хабарлайды https://abaidan.kz  Абай облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс орталығында өтетін іс-шараның маңызды мақсаты тергеушілерді әйелдердің құқықтарын қорғауды күшейтуге және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдың жаңа форматын енгізуге бағытталған жаңа заңнамалық өзгерістермен таныстыру болды.


#әскери