Абай облысында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Абай облысында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды

Полиция департаментінің бастамасымен Абай облысының аумағында 17-19 сәуір аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Мақсат-төленбеген әкімшілік айыппұлдар мен салықтар бойынша берешегі бар азаматтар мен көлік құралдарының жүргізушілерін анықтау, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын жүргізу,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

3 күн ішінде полиция қызметкерлері уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп ерікті төлем мерзімі өткен 761 әкімшілік айыппұл өндіріп алды. Өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы 11 млн. теңгеден асты. Сондай-ақ, мәжбүрлеп өндіріп алуға 607 қаулы жіберілді, олар бойынша берешектің жалпы сомасы 13 млн.теңгеден асады. Профилактикалық іс-шара барысында мамандандырылған айып тұрағына 56 автокөлік құралы қамауға алынды. Абай облысы Полиция департаменті азаматтарға әкімшілік құқық бұзушылық жасалған және айыппұл салу түрінде жауапқа тартылған жағдайда, сіз оны 7 тәулік ішінде жалпы соманың 50% мөлшерінде төлей алатыныңызды еске салады. Айыппұл қаулы шығарылған күннен бастап 30 күн ішінде төленбеген жағдайда, ол жұмыс орны бойынша және сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жіберіледі.


#заң, #Абай облысы, #Полиция