Абай облысында Қызыл кітаптағы қарды атқан азамат жауапқа тартылды
39 жастағы Аягөз қаласының тұрғыны Қызыл кітаптағы арқарды атып мемлекетке 14 млн теңге шығын келтірген,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сот отырысында анықталғандай ер азамат өзіне тиесілі қойларын жоғалтып алып, іздеу барысында арқарды кездестіріп қалып, заңсыз атып алып, етін үйіне апарған. Сот 39 жастағы азаматты кінәлі деп танып, ҚР Қылмыстық кодексінің (Заңсыз аңшылық) бабымен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеп, сонымен қатар қосымша жаза ретінде 3 жыл бойы аңшылықпен айналысу құқығынан айырып, жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарында жаза өтеудің бүкіл мерзімі ішінде 100 сағатқа мәжбүрлі еңбек жұмыстарына тартты.
Қазіргі таңда сотталған азамат Аягөз аудандық пробация қызметінің есебінде жазасын өтеп жатыр. ТШаруа қожалығына тұрақты жұмысқа орналастырылды. жМемлекетке келтірген шығынды өтеп жатыр.