Абай облысында ірі есірткі партиясын жеткізу арнасы жойылды
Абай облысында синтетикалық есірткілерге байланысты ең ірі қылмыстардың бірі анықталып, жолы кесілді,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семей қаласында полиция қызметкерлері 500 грамнан астам психотроптық зат – «мефедронды» тәркіледі. Бұл мөлшер шамамен 1 500 бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 20 миллион теңгеден асады.
Заңсыз бизнесті ұйымдастырғандар – 26 және 28 жастағы семейлік екі тұрғын. Олар интернет-дүкен арқылы есірткі таратумен айналысқан. Алайда олардың әрекеті тоқтатылып, қазір олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды.