Абай облысында жасөспірімдер арасындағы жанжал ерекше бақылауға алынды: жәбірленушіге жан-жақты көмек көрсетілуде

Абай облысында жасөспірімдер арасындағы жанжал ерекше бақылауға алынды: жәбірленушіге жан-жақты көмек көрсетілуде

Абай облысында орын алған соңғы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, -деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Жанжалға қатысқан барлық тараптар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта жәбірленуші жасөспірімге ерекше назар аударылуда — ол арнайы орталықта мамандардың бақылауында. Психологтар мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл оған қажетті қолдау көрсетіп, оқиғадан кейінгі эмоционалдық әсерлерді жеңуге көмектесуде. Білікті мамандар жасөспірімнің психологиялық жағдайын қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізіп жатыр.
Оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Ертең кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтеді, онда әрбір қатысушының әрекеті жеке қаралып, қажетті шешімдер қабылданады.


#Семей, #Оқушы, #мектеп, #Полиция