️Абай облысының полицейлері браконьерден қояндардың тұтас етін тәркіледі.

️Абай облысының полицейлері браконьерден қояндардың тұтас етін тәркіледі.

 Браконьерден қояндардың тұтас еті тәркіленді,-деп хабарлайды  abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.  Браконьерліктің және табиғат қорғау заңнамасы саласындағы басқа да құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жүргізіліп жатқан «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде Абай облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жабайы жануарларды заңсыз аулаудың кезекті фактісін анықтады.

Рейдтік іс-шаралар кезінде Бородулиха ауылының маңында тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның басқаруымен "ВАЗ-2114" маркалы автокөлікті тоқтатты.Автокөліктің салонын тінту кезінде полицейлер жабылмаған аңшылық мылтық пен екі жабайы қоянның тұтас етін тапты.

Абай облысы тұрғыны аң аулау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ азаматтық қару мен оның патрондарын сақтағаны үшін жауапқа тартылды.


#заң, #Полиция