Абай облысының Семей қаласында заңсыз жанармай құю станциясының қызметі тоқтатылды

Абай облысының Семей қаласында заңсыз жанармай құю станциясының қызметі тоқтатылды

Абайоблысы бойынша Мемлекеттік кірістердепартаменті мен Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жоспардан тыс жүргізілгенсалықтық тексеру барысындақалалық кәсіпорындардың бірінің аумағындасалық органдарындатіркеусіз жұмыс істеген жанармай құю станциясыныңзаңсыз кәсіпкерлік қызметіфактісін анықтады.

Тексерубарысында 19 миллионтеңгеден астам бағаланған70 тоннаданасатынмұнай өнімдері айналымнан алынды.

Тіркеуқызметінсіз жүзеге асыруфактісі бойынша салықтық тексеруматериалдары Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген жауапкершілікке одан әрі тартыла отырып,процестік шешім қабылдауүшін Абайоблысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінежіберілді.

Мұнай өнімдері саудасының тіркелмеген объектілеріөңірдіңжәне тұтастай алғанда елдің экономикасына елеулі залал келтіреді. Олар бюджеткесалықтардың түспеуіне әкеліпқана қоймайды, сонымен қатар нарықтың заңдықатысушылары үшін жосықсызбәсекелестік туғызады, сондай-ақ азаматтар мен қоршағанортаның қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін,өйткені мұндай ЖМҚСқызметі көбінесе белгіленгеннормалар мен талаптарға сәйкес келмейді.

Айтакету керек, 2025 жылымемлекеттік органдардың қызметкерлеріакцизделетін өнімнің заңсызайналымына қарсы күреске бағытталған66 тексеружүргізді, оның нәтижелері бойынша алкоголь өнімінен -3 338литр, контрафактілітемекі өнімінен -26 459қорап темекі,мұнай өнімдері – 1111,285 тонна алынды.

Салынған айыппұлдар сомасы 10,6млн. теңгені құрады.

Бұданбасқа, сот шешімі бойынша 19,8 тонна мұнай өнімдері тәркіленді. Бір кәсіпорын бойынша материалдар сотта қаралуда.

Абайоблысы бойынша Мемлекеттік кірістердепартаменті салық заңнамасыныңсақталуын және мемлекеттіңэкономикалық мүдделерін қорғаудықамтамасыз ете отырып, осындай құқық бұзушылықтарды одан әрі белсенді түрде анықтап, жолын кесуге ниетті.


#Семей, #заң, #Абай облысы, #мемлекеттік кірістер басқармасы