Абай облысының тұрғыны үй ауласында қарасора өсірген
Жыл басынан бері Абай облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымына, оны тасымалдауға, өткізуге, сондай-ақ өсіруге қарсы іс-қимыл шараларын күшейтті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстың екі қаласы мен аудандарында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.
Жедел ақпаратты пысықтау кезінде есірткі қылмысымен күресушілер есірткі сақтауға күдікті адамды анықтады.
Ақпарат күдіктінің үйінде өсімдік тектес жасыл түсті зат бар орамы табылған кезде өзінің растауын тапты.
Күдіктінің үйінің ауласын тінту кезінде құрамында есірткі бар өсімдіктер де табылды. Заттай дәлелдемелер ретінде алынған есірткі бұталары сараптамаға жіберілді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, қылмыстық іс бойынша алынған өсімдіктер "Каннабис (қарасора) кептірілмеген" есірткі болып табылады. Өсімдіктің салмағы-1,32 гр.
Аталған фактілер 2 бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды: құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру және есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу.
#Абай облысы, #Полиция, #есірткі