Абылай Мырзахметовке қатысты сот жабық режимде өтеді
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты сот отырысы жабық режимде өтеді. Сот бүгін прокурор оқыған тиісті өтінішті қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап, abaidan.kz.
"Сот өтінішхатты қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Абылай Исабекұлы Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралады. Шешімге шағым жасауға болмайды", - деді судья Айжан Құлбаева.
Еске салайық, бүгін таңертең Астанада Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот отырысы басталды.