Алакөлде маусым басталғалы 300-ден астам құқық бұзушылық анықталған

Алакөлде маусым басталғалы 300-ден астам құқық бұзушылық анықталған

Жазғы туристік маусымның басталуына байланысты Алакөл жағалауында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Басты басымдық — қоғамдық тәртіпті сақтау, санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірге келген демалушыларға жайлы жағдай жасау,-дейді abaidan.kz ақпараттық агенттігі.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұл ретте санитарлық нормаларды бұзу, рұқсатсыз саудамен айналысу, сондай-ақ жағалау аумағындағы тазалық пен тыныштықты бұзатын құқыққа қарсы әрекеттерді анықтауға ерекше назар аударылуда.

Маусым басталғалы бері  300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықталған. Оның ішінде ең көп тіркелгені — ортақ пайдаланудағы орындарды ластау бойынша 141 жағдай. Сонымен қатар, мал жаюға тыйым салынған аумақтарда — 74 жағдай, абаттандыру қағидаларын бұзу — 15, рұқсат етілмеген сауда — 22 факті анықталған.Сондай-ақ, көлік құралын мас күйде басқарудың 13 жағдайы, құжатсыз басқарудың 7 дерегі және жаяу жүргіншілер тарапынан 8 құқық бұзушылық тіркелді,-деп хабарлайды Абай облысы ПД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары тарапынан профилактикалық жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде. Демалушыларға қоршаған ортаға ұқыпты қарау, санитарлық талаптарды сақтау және қоғамдық орындарда мәдениетті мінез-құлық көрсету қажеттілігі ескертілуде.


#заң, #Абай облысы, #Полиция, #Алакөл