Бүкіл әлем алаяқтарға қарсы!

Бүкіл әлем алаяқтарға қарсы!

Абай облысында ауқымды профилактикалық іс-шаралар өтуде. Полицияға қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар мен еріктілер қосылды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер облыс орталығын квадраттар бойынша бөліп, алаяқтық фактілері мен тәсілдері туралы азаматтарға түсіндіре отырып, күн сайын пәтерлер бойынша рейд жүргізеді. Жыл сайын өткізілетін "Учаске" іс-шарасы қағидаты бойынша, учаскелік полицейлер өздерінің әкімшілік учаскелерінің тұрғындарымен танысқан кездегідей әр үйді, әр пәтерді айналып өту шешімі қабылданды.

Ақпаратты жақсы есте сақтау үшін облыс әкімдігі жадынамалар әзірледі, оларды ресімдеуге алаяқтарға сенбеу туралы үндеулерді көрсете отырып, полицейлер қатысты.

Рейдке қатысушылар тұрғындарға Абай облысының бүкіл аумағында қиындыққа тап болған туысына көмек көрсету сылтауымен ақшаларын ұрлаған телефон алаяқтарының құрбаны болған азаматтардың саны едәуір артқанын, сондай-ақ оларды банк қызметкерлері немесе ірі төлемдер мен өтемақылар уәде еткен мобильді корпорациялардың өкілдері ұсынатынын еске салды.  

Тәртіп сақшылары мен олардың ерікті көмекшілері мұндай жағдайларда сөйлесуді тоқтатып, полицияға хабарлау қажет екенін түсіндіреді.  

"Біз адамдарға қауіп туралы ескертуге дағдыланғанбыз, бірақ, өкінішке орай, бұл күндері адамдар үйден шықпай-ақ зардап шегуі мүмкін. Көбінесе олардың құрбандары келіп түскен ақпаратқа сенуге дағдыланған зейнеткерлер болып жатады. Бұл іс-шара азаматтарымызды қылмыскерлерден қорғауға көмектеседі деп сенемін", - деді ПД бастығы Бектөре Сұлтан.


#заң, #Полиция