Диплом жасап беремін деп алдаған

Диплом жасап беремін деп алдаған

Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Семей қалалық ПБ «102» жедел арнасына 43 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, бейтаныс адамның 600 000 теңге сомасында ақшасын иемденіп кеткенін айтқан. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың қаңтар айының соңында алаяқ диплом алуға көмектесуге уәде беріп, қолына ақша түскен соң, ізін суытқан.

ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіковтің айтуынша, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, тәртіп сақшылары қаскөйдің жеке басын анықтаған. Күдікке ілінген 55 жастағы ер адамның жұмыссыз екені белгілі болған. Жауап алу барысында ол кінәсін мойындап, қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын айтқан.

Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК- нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


#Семей, #заң, #Полиция