Екі күн ішінде 12 қылмыс ашылды
"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы барысында Абай облысының тәртіп сақшылары «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, еріктілермен бірге рейдке шықты. Олар жастар жиналатын орындар мен ойын-сауық мекемелерін аралады.
Шара барысында жедел уәкілдер 12 қылмыс бойынша күдіктілерді, оның ішінде іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Ауылдық жерлерде заңсыз айналымнан 2 мылтық тәркіленді. Жалпы 2 күн ішінде 12 қылмыс ашылды.
Абай облысы ПД ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Дина Әміренованың айтуынша, 1 мың 396 астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілген. Оның ішінде 141 ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін 166 адам, ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 16 заңды өкіл жауапкершілікке тартылған.
#Семей, #заң, #Абай облысы, #Полиция