Елімізде жаңа жылдан бастап зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі

Елімізде жаңа жылдан бастап зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі

2024 жылы 1 қаңтардан бастап салымшылардан бөлек, жұмыс берушілер де міндетті жарнаны төлеуге тиіс болады, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап, abaidan.kz. Телеарна ақпараты бойынша, келер жылдан бастап жұмыс берушілер міндетті зейнетақы жарналарын төлейтін болады. Бұл алдымен салымшылардың табысын арттыру мақсатында қабылданып жатқан шара. Жарна мөлшері айлық жалақыға байланысты және 1975 жылы бірінші қаңтардан кейін туған қызметкерлерге ғана қатысы бар. Жұмыс берушінің жарнасы кезең-кезеңімен 2028 жылға дейін 5 пайызға өсуге тиіс. Яғни бұл көрсеткіш келесі жылы – 1,5 пайызға, 2025 жылы – 2,5 пайызға, 2026 жылы – 3,5 пайызға, 2027 жылы – 4,5 пайызға, 2028 жылы – 5 пайызға жетеді. Бұл ретте жұмысшының айлығы ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болуы керек әрі 50 есе артық болмауға тиіс. Ал жарнаның қалған 10 пайызы бұрынғыдай жұмысшының айлық жалақысынан ұсталынады. 


#зейнетақы